Ерболат Досаев Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі директорлар кеңесінің төрағасы болды

39 просмотров

Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«2016 жылдың 11-ші шілдесінде «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) директорлар кеңесінің отырысы болды. Онда банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев сайланды», делінген хабарламада.

Бұл жиында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының үй жағдайын жақсарту мүмкіндігін ұлғайтатын әрі ел аймақтарындағы тұрғын үй құрылысын жандандыруға бағытталған «Өз үйім» бағдарламасының негізгі шарттарын қарастырды.

Загрузка...