Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ерболат Беделхан Ninety One төңірегіндегі дауға жауап қатты (видео)

177

Ерболат Беделхан, кешіре білетін продюсер: “Адамдардың кішкене дұрыс пікір бізге менің балаларыма қалыптастыра алмағандығы. Осыған негізінде себепкер болған көптеген БАҚ өкілдерінің өздері,өкінішке орай“.

Жуырда ғана Ақтөбе қаласында Ninety One тобының келуіне бір топ жастар қарсы шықты. Соның салдарынан концерт өтпей қалды. Билеттері сатылып қойған кешті Ерболат қалайда қоюға тырысыпты.

Біз бар жағдайды сол уақытта мысалы істеуге тырыстық. Тіпті мен ол кісіге айттым: «мүмкін жаңағы Қоныста болмаса да басқа бір жерде істейміз ба?»,-деп. Ол кісі 1-2 күннің ішінде көп жерді іздеді“,- дейді Ерболат.

Ақтөбедегі ұйымдастырушы шығынға батып жатқандықтан Ерболат тіпті тегін баруға да келіскен. Алайда, ол да мүмкін болмады. Өйткені, уақыт тым тығыз еді. Ұзын құлақтан естуімізше ақтөбелік жастар алаңды жарып жіберуге де уәде етіпті. Жазда болған оқиғадан соң бұдан біраз сескенген. Енді ұйымдастырушылар сол азаматтарды сотқа беріп жатыр. Алайда, продюсер оларға кешіріммен қарайды.

86dad91fb01a5c0c419d5d82380

Ерболат Беделхан: “Мен бірнеше рет қайталадым, осы жолы да қайталаймын: «Мен бәрін кешірдім, кешіремін де».Басқа амал жоқ. Мен де қазақпын, олар да қазақ“.

Осындай жағдайлардан соң да Ерболат қорықпайды. Алда ел аралап концерт бергелі жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз