Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ендігі жиһад Қазақстаннан шығайын деп тұр ма?

Орта-азиялық республикалардың 2 мыңға жуық азаматы ДАИШ тобының қатарында Сирия мен Иракта соғысып жүр. Бұл жөнінде американдық барлау қызметіндегі жасырын дереккөзге жүгінген NBC International хабарлады. Аркадий Дубновтың бұған қосары,

қауіп басқа мәселеде — бұл елдерде әлдеқайда көп адам ешқайда шықпай-ақ жиһадты қолдап отыр.

ДАИШ құрамындағы әр орта-азиялық содырдың өз отанында ондаған бастауыш ұйымдар мен жүздеген жанашырлар бар

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» (ӨИҚ) және тәжіктің «Джундулла» и «Джамаат Ансарулла» топтарының содырлары Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасынан өтіп, қару ұстап, қарсы тұрғандардың қатарына қосылды. ӨИҚ содырлары «Тәлібан» және «Аль-Каидамен» бұрыннан бірге болса, жақында ДАИШ қозғалысына адал болуға ант берді. Ауғандық барлау қызметіндегі атын атамай, ақпаратпен бөлісуге келіскен аға қызметкерлердің бірі қазіргі кезде Ауғаныстанда, шамамен, 5-6 мыңға жуық ӨИҚ-ның және мыңнан астам тәжік содырларының соғысып жатқанын хабарлады.

centralasia_9ef7d38ed5cb7a1503db2afa561fca93.nbcnews-ux-2880-1000-e1467003073417

“Тәжікстан билігін исламистер басып алуы мүмкін”

Қазақтың менеджмент және экономикалық болжам институтының (Алматы) профессоры Нарқыз Касенова, әсіресе, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қиын жағдайда дейді. Ол атап көрсетіп отырған нәрсе:

Тәжікстанда исламистердің билікті басып алу мүмкіндігі бар, өйткені онда мемлекет өте әлжуаз

АҚШ-та оқып келген тәжіктің ерекше мақсаттағы милиция отрядының командирі бұл біздің мұсылмандарға жасалып жатқан қысымға қарсы наразылығымыз деп, 10 мың отандасымен бірге ДАИШ-тың жағына өтіп кеткен. Сарапшылар оның кетуі кездейсоқтық емес дейді. Радикалдық ислам идеологиясы мен феодалдық-кландық салт Тәжікстанда азамат соғысына әкеліп соқты, ол посткеңестік елдерде орын алған азамат соғыстарының ең сұрапылы болды. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 10 мыңға жуық адам қаза тауып, шамамен, миллионға жуық адам босқынға айналды.

КСРО күйреген сәттен бастап, Өзбекстанда да елеулі күйзелістер орын алды. 2005 жылы билік өзін «исламистік экстремизм» деп атаған бүлікшілерді басып-жаншыды. Бірақ жергілікті халық биліктің шоқпарына бейбіт наразылық білдірушілер түсті деген сенімде. Қаза болғандар саны 180-нен 1500 адамға дейін болды.

Ақтөбедегі бүлік – Қазақстанның ішкі ісі

Орталық Азиямен және оның үкіметтерімен өте тығыз байланыстар орнатып отырған Ресей, мұндай оқиғалардың өздерінің ісі емес екенін ресми түрде мәлімдеді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтөбедегі террористік актіні Қазақстанның ішкі ісі ретінде сипаттады. Өте абайлап сөйлегеніне қарамастан, Ресей бұл аймақтағы оқиғалардың өрбуін мұқият қадағалап отыр – мұқият болғаны соншалық, Тәжікстанда 8 мың сарбаздан құралған ресейлік әскери база орналасқан. Карнеги орталығындағы Дубнов былай дейді:

толыққанды исламистік көтеріліс болған жағдайда, Ресейдің бұл 8 мың сарбазы жеткіліксіз болады

Әзірге, Орталық Азияның радикалдық исламистері тыныш отыр, не аймақтан тысқары кетіп қалды. Алайда демократия мәселесіндегі жұтаңдық көп ретте экстремизмнің өршуіне жетелейді.

5b238e1e205bf02be509959f9cce9654-big

Экономиканың тұңғиығынан саясаттың шыңырауына дейін

Қазақстанды есептемегенде, Орталық Азияда жан басына шаққандағы ЖІӨ 2-ден 6-ға мыңға дейінгі АҚШ долларын (ХВҚ) құрайды. Миллиондаған адамдар ЖІӨ жан басына шаққанда орташа есеппен 23 мың АҚШ долларын құрайтын Ресейге гастарбайтер ретінде барып, жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл елдердің көшбасшылары басқарудың қатаң түрін ұнатады және “жеке басқа табынушылықтың” қалыптасуына қарсы емес.

Тәжіктердің Эмомәлі Рахмоны – поэмалардың кейіпкері, оны күнмен салыстырады

Оның өмірден озған әріптесі Сапармұрад Ниязов Түркменияда өзіне 14 мың ескерткіш орнатыпты. Оның ізбасары Ғұрбанғұлы Бердымұхаммедов ол ескерткіштерді ақырындап құлатып, олардың орнына өзінің суреттері жапсырылған плакаттар орнатып жатыр. Бұл адамдарға ұлттық сәйкестік қалыптастыруға мүмкіндік бермей отыр, сондықтан ислам орын алған қуыстарды толтырудың құралына айналған.

Ислам – билікке қарсылық білдірудің жолы

«Тәжікстанда полиция хиджаб сатқан дүкендерді жауып тастаған және 13 мың ер адамды сақалын қырып тастауға мәжбүрлеген, ал басқа органдар жергілікті ислам партиясын жауып тастап, мұсұлмандарды астыртын жұмыс істеуге итермелеген», — дейді Эксетер университетінің Орталық Азия бойынша сарапшысы Дэйвид Льюис. Өзбекстанда Адам құқығын тәуелсіз қорғаушылардың бастамашы тобы 25 жылда, шамамен, 13 мың адамның өз ұстанымы үшін түрмеге қамалғанын есептеп шығарыпты. Human Rights Watch Түркіменстандағы билікті «медиа және діни бостандықтарға қатаң шектеулер орнатқан» «айрықша жазалаушы» режим деп атайды.

Сарапшылар тәуелсіз діни ағымдарға қатысты жазалаулар аймақта жиһадшылар билігінің қанат жаюына жағдай жасайтын негізгі фактор деген сенімде. Эксетер университетіндегі Льюис мырза былай дейді:

«Мен аталған аймақтағы үкіметтердің туындаған қиындықтарды шешуде өздері үйренген жазалау мен шектеуден бөлек, тиімді әдістермен шешуге қабілеті саяси икемді әдістерді игерді дегенге сенбеймін, ал сол ескі әдістер – жазалау мен шектеу режимнің өзіне қарымта соққы беруі әбден мүмкін».

Ал Қазақтың менеджмент және экономикалық институтындағы Қасенова «терроризммен соғыс одан да көп терроризм тудырады деген сенімде».

 Мақаланың түпнұсқасы осы жерде

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз