Енді доллар арзандап, алтын қатты қымбаттайды — сарапшы болжамы

103 просмотров

Америкалық миллиардер Джордж Соростың өз акцияларын алтынға айырбастай бастауы халықаралық экономикада орын алатын бірнеше өзгерістен хабар береді.

Кеше америкалық миллиардер Джордж Сорос ұзақ мерзімді үзілістен кейін қаржы нарығына қайта оралды деген ақпарат жарық көрді. Оның Soros Fund Management LLC деп аталатын қоры 30 миллиард долларды айналдырып отыр. Енді миллиардердің қоры ойламаған жерден акцияларын алтынға, алтын өндіретін кәсіпорындарға ауыстыра бастапты.

Бұл нені білдіреді? Валюталық спекульциялық операциялардан әр кезде пайдаға кеңеліп отыратын америкалық әкі миллиардердің бұл әрекетке бекерден бекер барып отырмағаны анық.

Бұл ретте қаржыгер-маман Ілияс Исаев Джордж Сорос халықаралық экономикада алда орын алатын бірнеше өзгерістерді ескере отырып, өз активтерін алтынға еріксіз айырбастап отыр деп санайды.

Валюталық спекульяциядан пайда табу қиындайды

Оның пікірінше, қазір әлем елдерінің экономикалық даму траекторияларының форматы өзгеріске ұшырауына байланысты экономикалық тәртіпте уақытша дүдамалдылық туындаған.

Ілияс Исаев
Ілияс Исаев

— Қаржы нарығында валюталық алыпсатарлықты жүзеге асыру, нақтырақ айтқанда, одан пайда табу күннен-күнге қиындап барады. Өйткені қазір көптеген әлем елдері валюталық алыпсатарлыққа қарсы күресіп жатыр. Мысалы, ТМД елдері, Қытай дегендей. Олар өзара сауда-саттықта өз ұлттық валюталарында сауда жасауға келіскен. Сөйтіп доллардың көлемін шектеген. АҚШ та қалыс қалмай, өзіндік түрлі әріптестік нарықтарды құруда. Бұл

қазір әлемдік экономиканың күрделі өзгеріске ұшырағанын танытады.

Астанадағы соңғы отырыста ЕурАзЭҚ кеңесінде еркін сауда-саттық континентіне Үндістанды, Иранды, Вьетнамды, Камбоджаны қосу туралы ойларымен бөлісті. Мұның барлығын Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде қарайтындарын да мәлімдеді. Жібек жолын Қытай таңдаған нұсқада экономикалық белдеу ретінде құрамыз десті. Мұның барлығы қазір әлем елдерінің экономикалық даму траекторияларының форматы өзгеріске ұшырап жатқанын, соған байланысты экономикалық тәртіпте уақытша дүдамалдылық болады, — дейді қаржыгер-маман.

Мұнай қымбаттап, доллар арзандайды

Соңғы кездері халықаралық резервтегі активтер қорындағы доллардың үлесі күрт төмендеп, қытай ақшасының көлемі артқан. «Бұл доллар тұтынысының шектеліп жатқанын танытады» — дейді Ілияс Исаев.

Сондай-ақ маман алда мұнай бағасының көтеріліп, доллар құнының құлдырауын болжайды.

— АҚШ-тың федеральдық резерв жүйесінің басшысы Жанет Йеллен жақында «АҚШ-тың өндірісі қатты өсіп, жұмыспен қамту деңгейі жоғарылады» деп мәлімдеді. Ал қазір әлем экономикасы баяу дамып жатыр. Басқа елдердің салаларға капитал құю көлемі де төмен. Сондықтан АҚШ тепе-теңдік ұстау үшін өзінің де экономикасын тежеу мақсатында қатаң саясатқа көшеді. Ал бұл трансұлттық компаниялардың табысы азаятынын, олардың бағалы қағаздарының арзандайтынын білдіреді. Мұндайда әрине,

активті алтында ұстаған абзал. Өйткені алтын — әрдайым сұраныстағы қамсыздандырылған валюта,

— дейді ол.

Ілияс Исаев мұнай бағасының өсуі мен доллардың арзандауы көптеген елдермен қатар Қазақстан экономикасының да дағдарыстық кезеңді басып өтіп, жандануға қадам басқанын танытар еді деп санайды.

— Халықаралық нарықтағы шикізат тауарлар құнының құлдырауы Қазақстан экономикасына едеуір қиыншылық әкелді. Бюджетті үнемдеп, сырттан қарыз алуға да мәжбүр болдық. Міне, осы қиын кезеңнің артта қалатын күні жақындап келе жатқан секілді, — дейді ол бұл ретте.

 

Загрузка...