Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Енді қашып құтыла алмайсыз. Айыппұлды өндіру амалдары көбейіп жатыр

Егер осыған дейін автокөлік айыппұлдары туралы хабарлама көлік еиісінің жеке мекен-жайына жіберілсе, енді одан жұмыс орны да хабардар болатын болады..

Одан басқа, әкімшілік айыппұлдарды өндіру үшін сот орындаушыларымен бірге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, «Рубеж» бекетінде жауапсыз айыппұл төлемеушілер мәліметтер дерегі орнатылды. Демек, әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздар болған жағдайда, қалаға кіру және шығу кезінде шлагбаум жабылатын тетігі жүйеге қосылады. Полицейлер айыппұлды уақытылы төлеу жөнінде хабарламалар таратады.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 303 мың 181 әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 293 мың 294 әкімшілік іс бойынша 2 млрд 231 млн 443 мың 916 теңге сомма көлемінде айыппұл ретінде ұйғарымдар шығарылды. Олар бойынша 925 млн 576 мың 121 теңге өндірілді. Өндіріп алу деңгейі – 41,4 пайыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз