Білім және ғылым министрлігі екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысын көтереді. Бұл туралы министр Сағадиевтің өзі қуана хабарлады, – деп жазады Kazpravda.kz сайты.
“Биыл біз жаңа ережелер дайындау үстіндеміз. Әдетте, мұғалім бір саты жоғары санатқа ауысқанда, олардың жалақысы көтеріледі. Ал мұғалімдерге қатысты жаңа ережелерге сай, біз екі тілде оқытатын мұғалімдердің айлығын көтеруді жоспарлап отырмыз. Нормативтік құжаттар дайын болғанда, біз осы жаңалықты жария етеміз”, – депті министр Ерлан Сағадиев.