Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Емханаларда педиатрлардың қабылдауы қайта жанданады

Оқытудың екінші бөлімінде студенттер мамандықтар бойынша бөлініп, нақты бағытта білім алады.

«Осы ретте біз биыл педиатрия мамандары үшін және магистратура бағытында да бағдарламаны кеңейттік. Сондықтан да педиатр факультеттерін жоқ деп айту дұрыс емес»,-деді министр.

Сөз соңында ол  бүгінде емханаларда балаларды педиатрлардың бөлек қабылдауы бағытын қайта жаңғырту мәселесі қарастырылып жатқандығын, сондай-ақ жыл соңына дейін бұл мәселе шешімін табатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева білім беру жүйесіне педиатрия институтын жандандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтқан болатын.

Медициналық жоғары оқу орындарының үдерісі жетілдірілгенін еске салып өткен ол, осы ретте педиатрия факультеті емдеу факультетімен біріктірілгенін атап өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде З. Балиева осымен келіспейтінін жеткізді.

Оның пайымынша, кез келген педиатр ересек адамға ем-дом жасаса да, алайда терапевт баланы емдей алмайды. Себебі, сәбидің ағзасы ересек адамнан өзгеше болғандықтан, бұл бағытта тиісті қадамдар болуы тиіс.

izobrazhenie-037

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз