Эллина Күлдинаның мәйіті табылды

42 просмотров

Осыдан он бір күн бұрын Нұра өзенінің бойында жоғалған екі жасар Эллина Күлинаның мүрдесі бүгін кешке қарай табылды, — деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

a3f9bd84bbb23d6d83aa38c69357b70b

Бүгін кешке қарай Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Р. Қошқарбаев ауылының іргесіндегі 4 шақырым жерде Нұра өзенінің арнасынан белгісіз сәби мүрдесі табылды. 3 бірлік техника мен 14 адамнан құралған Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің Жедел-құтқару отрядының мамандары тапқан мүрде 2016 жылдың 10 мамырында жоғалған Э. П. Күлдинаның мәйіті екендігі нақтыланған.

Естеріңізге сала кетейік, қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 10 мамырда тарады. Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 2014 жылы дүниеге келген Эллина Күлдинаның Нұра өзенінде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Қыздың отбасымен болған демалыста жоғалғаны анықталды. Балық аулағаннан кейін, қыздың ата-анасы үйге жиналып, заттарын көлікке сала бастаған. Бірақ қыздың жоғалып кеткенін кейіннен байқайды. Ал 12 мамыр күні Эллина Күлдинаның мойынорағышы өзеннен табылған болатын.

Осыдан кейін Эллина Күлдинаның жоғалуы туралы істе күтпеген жайлар белгілі болып, қыздың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. «Негізгі нұсқа — қыз суға батып кетті. Ата-анасының сәбидің жоғалуына тікелей қатысты болуы туралы нұсқалар қарастырылып отырған жоқ. Бірақ оларға қатысты 141-бап бойынша («Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау») қылмыстық іс бірден қозғалды. Қыздың суға құлап кетпеуін қарады ма, жоқ па — осы мәселе бойынша», — деген еді полицейлер.

Загрузка...