Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары енді ашық конкурс арқылы тағайындалады

Ашық конкурс негізіндегі іріктеуді ғалымдардан, сондай-ақ бизнес, жергілікті атқару органдары және қоғам өкілдерінен құралған университеттің қадағалау кеңесі өткізеді.

Ректор лауазымына үміткерлер іріктеудің негізгі критерийлеріне толықтай сай келіп, университеттің даму бағдарламасын ұсынулары тиіс. Үміткер мақұлданған жағдайда, қадағалау кеңесі өз шешімін републикалық конкурстық комиссияға жолдайды.

Қадағалау кеңесі қолдаған кандидаттар саны үш адамнан кем болмауы керек. Алғашқы іріктеуден кейін үміткерлер ҚР Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілігіндегі республикалық комиссияда сұхбаттасудан өткізіліп, алқалы негізде соңғы шешім қабылданады.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын сайлау, ең алдымен, лауазымға тағайындалудың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, конкурстық іріктеу нәтижесінде ең жақсы деп табылған жоғары оқу орнынының даму бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз