Еліміздің жартылай бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады

21 просмотров

Қазақстанның басым аумағында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Алайда республикамыздың орталығында, шығысында, оңтүстігінің таулы аудандарында күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты жел тұруы мүмкін.

Қазгидрометтің хабарлауынша, республикамыздың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қостанай облысында қатты жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-18 метрге күшейеді, күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел соғады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...