Бүгін Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжауынша, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.
Солтүстік Қазақстан өңірінің кейбір аудандарында найзағай жарқылдайды, жел тұрады, түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.