Ел аумағы арқылы атмосфералық фронтальды ағындардың өтуіне байланысты, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерінде қатты нөсер болып, бұршақ жаууы ықтимал, – деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-23 метрге дейін жетіп, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 метр болады.