Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Еліміздің көлік полициясының кинологтары Австриялық әріптестерімен Астанада кездесті

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – кинологтарды және қызметтік – іздестіру иттерін жарылғыш заттарды іздеуге оқытуда шетелдік тәжірибені қолдану болып табылады.

– Өздеріңіз білетіндей, қазіргі заманғы қылмыстық топтардың материалдық-техникалық және қаржылық мүмкіндіктері көп. Бүгінде, әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа басты қауіп төндіріп тұрған терроризм мен экстремизм екені айдан-анық. Мұндай жағдайда трансұлттық қылмысқа қарсы тұру үшін елдер арасында құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру маңызды, – деді Йозеф Шутценхофер.

Кездесуге қатысушылар қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен шаралар өткізу тәжірибесі Қазақстан мен Австрия арасындағы достық қатынастардың нығаюының кепілі екенін және де алдағы уақытта да ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дәл осындай шара ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласының халықаралық әуежайында өтпек.

Еске сала кетейік, еліміздегі көлік полицейлері осы жылдың басынан бері қылмыстарды ашу, жарылғыш заттарды іздеуде және қоғамдық тәртіпті күзетуде қызметтік иттерді 3 мыңнан аса рет қолданған. Есепті мерзім қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 800 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз