Еліміздің батысынан басқа өңірлердің барлығында жаңбыр жауады

29 просмотров

21-маусымда еліміздің батысынан басқа барлық аумақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір аумағында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар ауданында кешқұрым тұман түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел тұрып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, күн салқындайды.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында қатты ыстық болады. Батыс аймақта өрт қаупі жоғары.

Загрузка...