Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

20 просмотров

Қазгидрометтің хабарлауынша еліміздің шығысының жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал, кей жерлерде тұман болады.  

Тек еліміздің оңтүстігінде күн ашық болады.

Ақмола,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, найзағай ойнап, күндіз  бұршақ болуы ықтимал.

Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Атырау облысында, Маңғыстау,  Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Атырау,  Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары.

Загрузка...