Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ ұруы ықтимал.
Күндіз Алматы, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жаңбыр жауады.
Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.