Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

38 просмотров

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Батыс, оңтүстік, және  оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді – 15-20 м/с.+

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы,  Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...