Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік өңірдің кей жерлерінде тұман түседі. Жекелеген аудандарда бұршақ болуы ықтимал.
Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрады.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары.