Еліміздің басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз

22 просмотров

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Қазгидрометтің хабарлауынша, тек республикамыздың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.  Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ал Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының басты аумағында найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Загрузка...