Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік, солтүстік-батыс және шығыстың кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді – 15-20 м/с.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Атырау,Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.