Еліміздің барлық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

24 просмотров

Алматыдағы террорлық акті мен жоғары қауіп деңгейінің жариялануына байланысты еліміздің барлық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ға қауіпсіздік қатері деңгейіне сәйкес Қауіпсіздік әдістерін күшейту жоспары негізінде шаралар қабылдау туралы нұсқау жолдады.

Республика бойынша қауіптің «сары» деңгейінің ұзартылуына байланысты шараларды күшейту туралы дәл осындай нұсқау еліміздің барлық әуежайы мен авиакомпанияларына жолданды, деп мәлімдеді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінен.

Загрузка...