Еліміздің барлық мешіттерінде садақа банкоматы орнатылады

31 просмотров

Қазақстанның барлық мешіттерінде садақа қабылдау банкоматтары орнатылады, деп хабарлайды e-islam.kz.

Қазіргі уақытта республика бойынша садақа қабылдауға арналған сегіз терминал бар. Алайда, қызмет көрсету сапасының қымбат болуы және халыққа түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі себепті бұл терминалдар іске асырылмай келеді.

ҚР Дін істері комитеті осы ретте дін өкілдерінен халықтың мүфтияттың ресми шотына елдегі кез келген банкомат арқылы садақа жіберуін қолайлы ету үшін садақа қаражаты туралы айқын ақпараттар жариялауды ұсынады. Қаржы қызметі туралы есеп алдағы уақытта БАҚ беттерінде жарияланады.

Загрузка...