Еліміздегі шетелдік телеарналар жарнама көрсетуді тоқтатты

27 просмотров

Шілденің басынан бастап еліміздегі шетелдік телеарналар жарнама көрсетуді тоқтатты.

Қазақстанда қайта трансляцияланатын арналардың эфир арқылы түрлі тауар насихаттауына заңмен тыйым салынып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған дейін шетелдік телеарналар сыра сияқты зиянды тауарларды еркін жарнамалап келген. Сөйтіп, қыруар қаржы шекара асып жатқан еді.

Енді  жылына жарнамадан түсетін 4 миллиард теңге отандық телеарналардың қалтасында қалатын болды.

Негізі бұл құжат қаңтардан бастап күшіне енуі керек болған. Кабельдік операторлардың өтініші бойынша, дайындыққа жарты жыл қосымша уақыт берілді. Шетелдік арналар да жаңа талапқа келісіпті.

Ал, шетелдік телекомпаниялар елімізде еркін жарнама тарату үшін заңды түрде тіркелуі тиіс. Сөйтіп отандық арналар сынды салық төлеуге міндетті. Қазір Қазақстанда кабельдік жүйе арқылы 150 телеарна тарайды екен. Оның 70 пайызы шетелдік.

Загрузка...