Тұрғындарының қатары 3 миллионға жақындаған Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы сегіз айдың ішінде 53 051 нәресте дүние келіпті.
Ал, 521 егіз бала болса, төртеуі үшем. Ескерте кетейік, еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келеді. Перинаталды орталықтарда материалдық-техникалық жабдықталу анағұрлым жақсарған. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші жақсарып келеді.