Елімізде жемқорларды ұстап берген адамдарға сыйақы беріледі

51 просмотров

Ақтауда сыбайлас жемқорлық дерегін анықтауға көмектескен тұрғынға 106 мың теңге сыйақы берілді.

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Тағы екі азаматтың нұсқауымен тіркелген пара алу фактілері сотта қаралуда. Дәйектері дәлелденсе, оларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы төленеді.

Айта кетейік, биыл күшіне енген тиісті заң бойынша жемқорлықтың жолын кесуге жәрдемдескен тұлғаларға құзырлы мекемелер тарапынан ақша төленеді. Қылмыс дәрежесіне қарай 63 мыңнан 212 мың теңгеге дейін.

“Заңбұзушылық туралы дерек хабарлап немесе қылмыс жасап, іздеуде жүрген адамның тұрғылықты жерін көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмектесе аласыз. Берілген ақпарат шындыққа жанасса, қылмыскерге жазалау туралы сот үкімі күшіне енген соң біржолғы сыйақы беріледі”, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаменті басшысының орынбасары Дәурен Омарғалиев.

Загрузка...