Елімізде жарияланған террорлық қауіптің қалыпты деңгейі 30 күнге ұзартылды

33 просмотров

Елімізде биылғы жылдың 16 шілдесінен бастап террорлық қауіптің «сары» деңгейі 30 күнге ұзартылды.

Бұл туралы ҚР терроризмге қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы еліміздің тұтастай аумағында террорлық қауіптің қалыпты («сары») деңгейінің әрекет ету мерзімін 2016 жылдың 16 шілдесінен бастап 30 күнге ұзартылғаны туралы хабарлайды» делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында орналасқан хабарламада.

„Бұл шешімді «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингісінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Президентің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 жарлығы талаптарына сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қабылдады„ деп жазады ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметі.

Загрузка...