ҚР Антитеррор орталығы еліміздің аумағындағы бірқалыпты («сары») лаңкестік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартылғаны жөнінде хабардар етті.
«Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ҚР Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады», – деп хабарлады Антитеррор орталығының баспасөз қызметі.