Елімізде тариф тағы еселеп көтерілуі мүмкін

9 просмотров

Себебі, аймақтарда коммуналдық ақының әртүрлі болуы бүгін премьер-министрдің өзін таң қалдырды. 

Бұл туралы КТК хабарлады.

Мәселен,Тараз тұрғындары кәріз жүйесі үшін 8 теңгеден төлесе, қарағандылықтар бұған он есе шығынданып яғни 96 теңгесін санап береді. Жер мен көктей айырмашылық енді теңестірілуі тиіс. Бұл өз кезегінде барлық облыста коммуналдық ақының жаппай қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Оның үстіне, халықтың жылу, жарық , су тарататын мекемелердің алдындағы берешегі 5 миллиард теңгеге жеткен. Қордаланған қарызды қайтару үшін  бірінші басшылардың өзі жұрттың есігін қағып, үй аралауға мәжбүр. Мысалы, Семей әкімі бар маңызды шаруасын ысырып қойып борышкерлерден коммуналдық ақыны төлеуін жалына сұрап жүр. Бірақ бүгін Үкімет басшысы соңына журналистерді ертіп алып түкке тұрғысыз ісін жарнамалауға құмар осындай шенеуніктердің өздерін ұялтты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Бұл дұрыс емес. Ертең есік алдын жинап жүретін шығарсыңдар. Біз осы ісімізбен әкімдіктің, биліктің беделіне нұқсан келтіріп жатырмыз. Қарызды төлетудің басқа жолын табу қажет.

Загрузка...