Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елімізде пәтер бағасы арзандап жатыр

122

Яғни, бұрынғы қарқын қазір жоқ. Тіпті, тұрғынүй құрылысын жақында аяқтаған компаниялар да тығырыққа тіреліп, үйлерді бөліп төлеуге дейін жағдай жасап жатыр. Әзірге, ел бойынша ең арзан үйлер Орал қаласында. Одан кейінгі орынды Шымкент басқан. Сатып алушылардың азайғанынан, әдетте саудаласуға көнбейтін, құны көк тіреген Астана мен Алматыда үй бағасы сәл арзандаған. Соңғы айдағы сараптамаға сәйкес, шаршы метрдің орташа бағасы – 387 мың 100 теңге. Ал ең төмені – 278 мың теңге. Әрине, сұраныстың азайғаны элиталық үйлерге еш әсер етпеген. Олардың құны сол қатайған күйі – шаршы метрі жарты миллон теңгеден жоғары сатылып жатыр.

«Саябырсып қалған жылжымайтын мүлік саудасы тек келесі жылдың басында қозғалуы мүмкін» дейді астаналық риэлторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз