Елімізде бес жылдан соң қазіргі үлгідегі диплом берілмейтін болады

65 просмотров

2021 жылдан бастап Қазақстанда жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруден бас тарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Ерлан Сағадиев мәлім етті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

— Бұл өз кезегінде білім сапасы үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыра түседі, — деп түсіндірді Ерлан Сағадиев.

Оның сөзінше, ЖОО-ларда ректорларды тағайындау рәсімінде ашықтықты арттыру жоспарланып отыр. Негізгі өлшем ретінде ұсынылған адамның абырой-беделі, кандидат таныстырған жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасының сапасы ескеріледі.

Министрдің айтуынша, мемлекет халықты мемлекеттік қызметтермен толықтай қамтамасыз еткенде, сыбайлас жемқорлықпен күрес тиімділігінің нәтижесі байқалады. Сонымен қатар, реттеу шараларында мемлекеттің рөлі төмендеп, нарықтық тетік күшейеді және шешімдердің транспаренттілігі қамтамасыз етіледі.

Загрузка...