Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде бес оқушы ғана оқитын мектеп бар

Аудан әкімінің қолынан мектепке керек-жарағын алып жатқан Анар  отбасымен биыл көктемде Қытайдан көшіп келіпті. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанын аудан орталығында тәмамдаған. Биылдан бастап ауылда оқитын болды.

snimok-ekrana-ot-2016-09-08-09-39-06Анар Екпін, 3 сынып оқушысы:

-Мен Қытайда жақсы оқығанмын. Енді бұл жақта жақсы оқимын деген үміттемін. Мектеп ашылғаны да жақсы болды.

Бірлік орта мектебі бала санының аздығына байланысты 3 жыл бұрын жабылған еді. Енді теріскейге Қытай мен Талдықорғаннан көшкен он отбасындағы бес бала оның қайта ашылуына сеп болып отыр. Қоныс аударғандардың кейбіріне білім ошағынан жұмыс та табылыпты.

Ең шағын мектеп ғимаратын жөндеуге үш жарым миллион теңге жұмсалған екен. Оның сыртында бір жарым миллионның қазандығы бар. Ал екі мұғалім мен бес балаға от жағушы, еден жуушы, күзетші мен мейірбикені қосқанда 8 адам қызмет көрсетпек. Жергілікті билік келер жылы бала саны көбейеді деп отыр. Өйткені оңтүстіктен осы ауылға тағы он шақты отбасы көшіп келеді деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз