Елімізде баспанаға кезекке тұрғандардың тізімі жаппай тексерілетін болды

107 просмотров

Баспана тек мұқтаждарға ғана берілуі керек! Енді Үкіметтен арзан пәтер алу үшін кезекте тұрғандардың барлығы жаппай тексеруден өтпек. Өйткені, мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен шаршы метр алғысы келетіндердің саны тым көбейіп кеткен.

Яғни, кейбір пысықайлар қос-қостан баспана алу үшін бірнеше қалаға кезекке тұруды әдетке айналдырған. Сөйтіп, пәтерді туыстарының атына тіркетіп, мемлекеттен алған үйін жалға беріп табыс табады. Енді бұндай қулардың әрекетіне заңмен тыйым салынып, пәтер тек мұқтаждарға беріледі. Алдымен елімізде мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға кезекке тұрғандардың жеке басына қатысты барлық мәлімет жіті тексерілмек. Егер баспанасы болса, кезегі келген күннің өзінде пәтер жоқ-жітік шаңырақтарға берілуі тиіс.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Тұрғын үй қатынасы туралы заңға өзгертулер енгізу қажет. Яғни, қазір әлеуметтік баспана беру үшін адамдардың жалақысына қарап бөліп жармаймыз. Енді осыны өзгерту керек. Сөйтіп табысы көптерге пәтерді «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы ипотека алуды ұсынамыз.

7633566a4e3f1a3ad-423-2015inogorodnie-bez-propiski-ne-smogut-vstat-v-ochered-na-zhil-yo-v-astane

Дереккөз: КТК 

Загрузка...