Елімізде банкке несиесін төлей алмаған адамдардың психикасы бұзылып жатыр

146 просмотров

Елімізде ақыл-есі дұрыс емес адамдар көбейіп барады. Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер жыл басынан бері психикасы ауытқығандар саны 220 мыңға жуықтағанын мәлімдеді. Бұл тек ресми тіркеудегілері ғана. Шын мәнінде, ауруын жасырып жүргендер тым көп екен.

Бұл туралы КТК хабарлады.

Күйзелістен болған ұйқысыздық, суицидке ұмтылыс, шизофрения, тіпті педофилизмге дейін психикалық ауруға жатады. Мұндай науқастарды психиатрлар айлар бойы емдегенімен, көп жағдайда ауру қайталанып отырады екен. Ал кәмелеттік жасқа толмаған ұл-қыздарды азаптап, зорлайтын педофилдердің емі мүлдем жоқ.

Олар тиісті ем-домды қабылдағанымен, жарты жыл сайын қылмысқа баруы мүмкін. Салыстырмалы түрде, қатты күйзелістен суицид жасамақ болғандарды емдеу әлдеқайда жеңіл дейді мамандар. Ал науқастар арнайы психикалық ауруханаға барып, дәрігерге көрінуді ұят көреді екен. Осылайша, олар ауруын жасырып, асқындырып алады. Дәрігерлердің айтуынша, тіпті, төленбей қалған несиенің өзі адамды ақыл-есінен адасуға әкелуі мүмкін.

Айгүл Сүлейменова, психиатр-дәрігер:

— Себебі, Қазақстанның 90 пайызы кредитте. Кредит ол созылмалы ауруға айналады. Отбасындағы адамдардың психикасы бұзылады.

78

Загрузка...