Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде “Балалар интернеті” пайда болады. Онда заңсыз сайттар ашылмайды

Оның айтуынша, осы және басқа да нормаларды іске асыру үшін қоғамның белсене атсалысқаны қажет. Себебі, балалардың ата-аналары осы проблеманың маңыздылығын түсінбесе, алдағы өзгерістердің іс жүзінде қолға алынуы екіталай.

Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысқан депутат Зағипа Балиева министрлік әзірлеп жатқан заң жобасын тездетіп Парламенттің қарауына енгізуді сұрады. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін балаларды зиянды ақпараттан қорғауға арналған заңнама қабылданған еді. Алайда, оның нормалары іс жүзінде қолға алынбады.

“Ашығын айту керек, осы саладағы заңнаманы даярлағада заң мен мораль нормаларының тепе-теңдігін сақтау қажет. Себебі, заңда көп нәрсені жазуға болады. Бірақ, отбасында мораль жағы әлсіз болса, оны ешқандай заңдармен түзете алмайсың. Біз кез келген нәрсені алдымен балаға несімен пайдалы екенін ойлауымыз қажет. Үйде де, түзде де, кітап, азық-түлік, киім-кешек, ойыншықтар, жол қозғалысы болсын, ең бірінші балаларға қаншалықты пайдалы болатынын ескеруіміз керек”, – дейді Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз