Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, бұршақ жауады.
Ақтөбе, Қостанай, күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел көтеріліп, күндіз бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Атырау облысының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.