Елімізде құны удай қымбат ота енді тегін жасалатын болды

36 просмотров

Қазақстанда адам ағзасын ауыстыратын ота тегін жасалатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген соң ақысыз жасалады деп хабарлады 24.kz.

Мамандардың айтуынша, қазір елімізде ағза трансплантациясына 3000-ға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.

Тілеухан Әбілдаев, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы:

— Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады.

Загрузка...