Елді шулатқан тергеушінің хатына байланысты бірнеше полицейдің үстінен іс қозғалды

383 просмотров

Атырауда бұрынғы полиция қызметкері Өтеуовтың елді бір дүр сілкінткен хаты бойынша бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау қаласының №2 сотының  судьясы 2016 жылдың 10-тамызында Астана қаласының тергеушісі И-ге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеуші И. лауазымды өкілеттіліктерін асыра пайдаланды және Атырау қалалық ішкі істер басқармасында тергеуші ретінде жұмыс істеп жүргенде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты деп күдікке ілінеді.

Еске сала кетейік, бұрын БАҚ беттерінде „ Өзбекстан азаматын өлтірді„ деп сотталған бұрынғы полиция қызметкері Өтеуовтың хаты жарияланған болатын. Онда ол кісі өлтіргеніне өкініп, оған көптеген қылмысқа қатысы бар өзінен жоғары тұрған лауазымды тұлғаларды кінәлайды.

Осыған орай, ҚР Бас прокуратурасымен аталған фактілерді тексеру үшін, ведомство ішінде жедел-тергеу тобы құрылған болатын. Қазіргі таңда аталған жедел-тергеу тобымен басқа полиция қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұған дейін сотпен оларға қатысты бұлтарпау шарасына санкция берілген.

Загрузка...