Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Президенті мемлекеттік сапармен Варшаваға барды. Ресми жұмыс сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша Республикасының президенті Анджей Дудамен кездесуі және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізуі көзделген. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.