Елбасы Юрий Лужковпен кездесті

70 просмотров

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Лужковты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы кездесу барысында Юрий Лужковтың Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегін атап өтіп, оны 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды республика тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, көрсеткен құрметі мен кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.

Загрузка...