Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.
Елбасы Мәскеу қаласындағы баспаханада шыққан өрт пен Бішкек-Ош тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасы азаматтарының қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады деп хабарлады Ақордадан.
Нұрсұлтан Назарбаев аза тұтып жатқан бауырлас қырғыз халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.