Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Елбасы Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль халқына көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

“Мемлекет басшысы Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перестің қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады”, – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті құрметтегенін, оған шынайы дос ретінде қарағанын айтып өтті.

“Онымен араласу үнемі пайдалы болатын. Мен екеуміздің кездесулерімізді жылулықпен еске алатын боламын”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес сәрсенбіге қараған түні 90 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Израильдің бұрынғы президенті қайтыс болғаннан кейін өзінің донор болуын қалаған. Саясаткердің отбасы да оның көзінің мүйізгек қабығын донорға ауыстыруға келіскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз