Елбасы Рио Олимпиадасына баратын спортшыларға нақты тапсырма берді

28 просмотров

Мемлекет басшысы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-Де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздің ерекше үміт артатынын атап өтті.

– Сендер спорттағы біздің олимпиадалық отбасымыздың толыққанды мүшесісіңдер. Қазақстандықтар олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіңдер. Сендердің қатысуларың барша отандастарымызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердің алдағы жеңістеріңді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сый ретінде күтеміз. Біз тебіреніс және шынайы толқыныспен сендердің жеңістеріңе сеніп, Олимпиада аяқталған соң жеңімпаздарды елде мақтанышпен және құрметпен күтетін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қазақстанның спорт делегациясы өкілдері өз сөздерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелеріне мемлекет ұдайы назар аударып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілегі мен қолдауы үшін алғыстарын айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Олимпиадалық құраманың ту ұстаушысы Р.Жапаровқа мемлекеттік туды тапсырды.

Загрузка...