Елбасы Олимпиадада Қазақстанға үшінші алтынды сыйлаған Данияр Елеусіновті құттықтады

53 просмотров

Елбасы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін үшінші алтынды жеңіп алған қазақ боксшысы Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шынығып, шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.

Загрузка...