Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елбасы Мысыр және Франция президенттеріне көңіл айтты

Жеделхатта мысырлық авиакомпания ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ француз және мысыр халықтарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

19 мамырда Мысырдың EgyptAir әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.

Ұшақ Парижден Каирге бағыт алған. Кейін белгілі болғандай, аталған ұшақ Жерорта теңізіне құлаған. А320 лайнерінің бортында 66 адам болған. Оның басым бөлігі – мысырлықтар мен француздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз