Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Жиенбаевты марапаттады

111

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қазақстан Президенті жеке қабылдауында болған Сұлтан Жиенбаевқа әскери ерлігі мен елдің дамуы жолындағы аянбай еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алған марапатымен құттықтады.

– Сіз өткен ғасырдың қиын кезеңдерінің куәсі болдыңыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіңіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіңіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіңіз. Өткен өміріңізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздің биік азаматтық қасиеттеріңіз барша Қазақстанның құрметі мен қошеметіне лайық, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Өз кезегінде Сұлтан Жиенбаев республиканың қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентінің жеке еңбегіне тоқталды және өз қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз