Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елбасы Үкімет мүшелеріне әлемдегі экономикалық ахуал жақсармайтындығын ескертті

Ендігі міндет – әлеуметтік ахуалды қарап, алдағы уақытта не істеу керек, қандай жаңа шаралар қамтылуы тиістігін қарастырамыз. Сол үшін кездесіп отырмыз», деді Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқан Президент.

Бұл ретте Елбасы бұған дейін қабылданған жоспарларға, әлемдік ахуалға, соның ішінде көмірсутек шикізатының әлемдік бағасындағы мәселеге тоқтала келе, көптеген елдер күрделі кезеңді бастан кешіріп отырғанын жеткізді. Алайда, бұған қарамастан Қазақстан Үкіметі қиыннан жол тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге жұмыс істеуі керек.

«Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк әлемдік экономика үш пайыздың төңірегінде ғана болады деген болжам жасағанын білесіздер. Мұның бәрі бізге тікелей ықпал етеді. Бүгінгі жиында қазіргі экономиканың ахуалы туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, қаржылық саясат жөнінде министр Бақыт Сұлтанов баяндайды. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев қаржылық несиелік саясат туралы баяндайтын болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз