Елбасы Алматыдағы оқиғаға байланысты шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін жинады

349 просмотров

Мемлекет басшысы Алматыдағы оқиғаға байланысты шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін шақырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің Twitter-дегі аккаунтында жарияланды.

„Алматыдағы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін отырысқа шақырды„ делінеді жазбада.

Сол секілді Премьер-министр Кәрім Мәсімов те өзінің Twitter-дегі жазбасында Елбасы шұғыл өткізбек Қауіпсіздік кеңесіне бара жатқанын жазған.

„Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырысқа жинап жатыр. Алматыдағы оқиғаға байланысты шешімдер қабылданады„ деп жазды үкімет басшысы.

Бүгін Алматыда күндізгі сағат 11.00 шамасында Алмалы аудандық полиция департаменті алдында оқ атылған. Полиция мен қарулы екі адам арасында атыс болып, бірнеше адам зардап шеккен. Кейбір дерек бойынша, 4 полиция қызметкері көз жұмған, бесеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Сонымен қатар бір бейбіт тұрғын қаза болған.

Қазір елді дүрліктірген екі қылмыскер де құрықталды. Біреуі 27 жастағы Қызылорда облысының азаматы.

Осы оқиғаға байланысты Алматыда лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді.

Загрузка...