Елбасы Ақордада бірнеше облыстың әкімін қабылдады

58 просмотров

Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Облыс әкімдері Мемлекет басшысына облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткішін, сондай-ақ, облыстағы ауыл шаруашылығы мәселесі мен тұрғындарды еңбекпен қамтудың қаңдай деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне облыста инвестицияны дамытуға, орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, бүгін, 9-қыркүйекте Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

d6083055c5982c7ec670d70a350fae9e-slider

Загрузка...