Елбасыға есеп берген Ақышев валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтағанын айтты

85 просмотров

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысының маңыздылығына назар аударды.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді.

– Биылғы 8 айда инфляция 5,4 пайыз болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті, – деді Данияр Ақышев.

Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютадағы депозиттер санының артқанын айтты. Сондай-ақ, несиелендіруді жандандыру үдерісінде оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік секторын несиелендіру 35 пайызға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Загрузка...