Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы атақты боксшы, ел мақтанышы Геннадий Головкиннің туған ағасы Максим Головкинді сотқа берді.
Бұл туралы Қарағандының №2 аудандық сотының канцеляриясына сілтеме жасап, Today.kz жазды.
„Сот Қорлан Оралбекова Максим Головкиннің көлік салығы бойынша қарызына қатысты істе үкім шығарды. Соңғы екі жылда ол салық төлемеген. 21 мың 338 теңге 20 тиын көлеміндегі мемлекеттік баж төлету туралы шағым қанағаттандырылды. Қарағандыдағы мекен-жайына шақырту қағазы жіберлісе-дағы, сотқа жауапты – Головкиннің ағасы келмеді„ деп мәлімдеді соттың канцеляриясынан.